Шамиль Муталов
Mutalov Asset Management негізін қалаушысы және CEO
Капиталды басқару · Венчурлік инвестициялар · Private markets
Шамиль Муталов — Орталық Азия кәсіпкерлеріне қызмет көрсететін мультиотбасылық офис Mutalov Asset Management компаниясының негізін қалаушысы және CEO. Wealth advisory саласында бес жылдан астам жұмыс істейді, жалпы капиталы 60 млн АҚШ долларын құрайтын 30-дан астам отбасына қызмет көрсетеді. Отбасы капиталының құрылымын қалыптастырумен айналысады: активтерді бөлу, жария және жеке нарықтарға инвестиция салу, капиталды қорғау және мұрагерлік мәселелері.
“Венчурлік инвестициялар капиталыңыздың ең қызықты бөлігі емес, ең мұқият ойластырылған бөлігі болуы керек.
Шамиль Муталов
- Wealth advisory саласында 5 жылдан астам тәжірибе
- 30-дан астам отбасыға қызмет көрсетеді
- Клиенттердің жиынтық капиталы 60 млн АҚШ долларын құрайды.
- Mutalov Asset Management негізін қалаушысы және CEO
Сарапшылық бағыттар
Шамиль Муталов сараптамалық және практикалық тәжірибесімен бөлісетін негізгі бағыттар.
Wealth advisory
Отбасы капиталының архитектурасы: активтер құрылымы, инвестициялар, қорғау және мұрагерлік.
Венчурлік инвестициялар
Жеке компаниялар, late stage, Pre-IPO және тәуекелді бағалау.
Private markets
Жеке нарықтарға инвестиция салу және өтімділігі шектеулі активтермен жұмыс.
Капиталды басқару тәсілі
Венчурлік инвестициялар қалыптасқан капитал құрылымының жеке бөлігі ретінде қарастырылады. Мәміле алдында өтімділік, инвестиция мерзімі, қолайлы тәуекел, отбасы капиталындағы жеке нарықтың үлесі және инвестициялау шарттары бағаланады.